27.01.2012, 13:16 4144

Елбасы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын ауқымды түрде қолға алуды тапсырды

Жаңа мақсаттар экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономикалық табыс пен қоғамдық игілікті қамтасыз ету арасында тиімді балансты табу маңызды екеніне тоқталған Елбасы, "қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңыртудың негізгі мәселесі, бұл Қазақстанның алдағы 10 жылдағы дамуының басты векторы. Осы өзекті тақырыпқа мен Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жаңа Жолдауымды арнаймын",- деп атап өтті ол.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы үкімет пен жергілікті әкімдерге халықты жұмыспен қамту бағдарламасын ауқымды түрде қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

Жаңа мақсаттар экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономикалық табыс пен қоғамдық игілікті қамтасыз ету арасында тиімді балансты табу маңызды екеніне тоқталған Елбасы, "қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңыртудың негізгі мәселесі, бұл Қазақстанның алдағы 10 жылдағы дамуының басты векторы. Осы өзекті тақырыпқа мен Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жаңа Жолдауымды арнаймын",- деп атап өтті ол.

"Біз 10 бағыт бойынша мақсаттар кешенін іске асыру қажетпіз. Біріншісі қазақстандықтардың еңбекпен қамтылуы",- деді Президент.

Осы орайда Елбасы тапсырма бойынша Үкімет халықты еңбекпен қамтудың жаңа бағдарламасын бекіткенін еске салып өтті.

"2011 жылы ол 60 мың адамның қатысуымен ілкі режімде сынақтан өтті. Барша дайындық жұмыстар мен заңнамалық база іске асырылды. Енді осы маңызды бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек. Сондықтан Үкіметке, әкімдерге биылдан бастап осы бағдарламаны ауқымды іске асыруды тапсырамын. Біз бағдарламаның соңында, яғни 2020 жылға қарай 1,5 млн. адамды сапалы жұмыспен қамтамасыз етуміз қажет",-деп Президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны