22.04.2016, 21:32 4625

Елбасы "Химфарм" АҚ-ныӊ жаӊа цехында болды

Қазақстан Президенті кәсіпорынныӊ жаӊа цехыныӊ жұмысымен және өндіретін өнімдерімен танысты

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті кәсіпорынныӊ жаӊа цехыныӊ жұмысымен және өндіретін өнімдерімен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы еӊбек ұжымы өкілдерімен әӊгімелесіп, цехтыӊ ашылуымен құттықтады және оныӊ табысты дамуына, бәсекеге қабілеттілігініӊ жоғары болуына тілектестігін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде дәрілік препараттар нарығы перспективалы бағыттардыӊ бірі болып отырғанын, сондықтан отандық фармацевтика саласыныӊ көшбасшысы ретінде кәсіпорын мен қала үшін зор мүмкіндіктерге жол ашылатынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Цех еӊбеккерлері Қазақстан Президентіне осы салаға көӊіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

***

"Химфарм" АҚ жобасы жалпы құны 14 миллиард теӊге болатын 4 кезеӊнен тұрады. Бүгінде құны 5,8 миллиард теӊге болатын бірінші кезеӊі жүзеге асырылған. Жоба 350 миллион ампула инъекциялық ерітінді, 4 миллион пакет инфузионды ерітінді, 40 миллион флакон антибиотик және 1 миллиард таблетка шығаруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын елдіӊ жалпы дәрі-дәрмек нарығыныӊ 5 пайыздан астамын қамтиды және дәрілік заттардыӊ ішкі өндірісініӊ 50 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны