10.07.2006, 19:04 3096

Елбасы Хорватияға сапармен барады

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Ертең 11-шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Хорватияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Сапар бағдарламасына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев пен Хорватия президенті Стьепан Месич шағын және кеңейтілген құраммен кездесу өткізеді. Қазақстан жағынан келіссөздерге сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, премьер-министрдің орынбасары – экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Мәсімов, ҚР президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті Ұзақбай Қарабалин қатысады.

Кездесу қорытындысында екі елдің үкіметтері жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісімге, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы бірлескен мәлімдемеге қол қояды деп күтіліп отыр.

Елбасы сапары барысында ол Хорватия премьер-министрі Иво Санадермен кездеседі.

ҚР СІМ ақпаратына қарағанда, бұл - мемлекет басшысының Хорватия еліне екінші сапары. Алғаш рет ол Хорватияда 2001 жылғ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны