24.01.2013, 11:18 3128

Елбасы игерілмеген бюджет қаражатын қайта бөлу тетігін әзірлеуді тапсырды

"Жаңа бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселені шешуді, сөйтіп бір ай мерзімнің ішінде маған есеп беруді міндеттеймін - егер қаржыны игере алмаса, ақшаны алып қойып, оны игеріп жатқандарға беру керек", - деп мәлім етті Елбасы бүгінгі кеңесте.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаржылардың игерілмей қалу проблемасын шешу және ресурстарды қайта бөлудің тетігін жасау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жаңа бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселені шешуді, сөйтіп бір ай мерзімнің ішінде маған есеп беруді міндеттеймін - егер қаржыны игере алмаса, ақшаны алып қойып, оны игеріп жатқандарға беру керек", - деп мәлім етті Елбасы бүгінгі кеңесте.

"Былтыр арендалық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Икімдіктер игермеген қаржы 2,5 млрд. теңгені құрады",-деді Мемлекет басшысы.

Елбасы сондай-ақ, әлеуметтік нысан құрылыстарына бөлінген қаржының игерілмеуіне байланысты, сала бойынша жаңа нысандар салуды тоқтатып, ресурстарды құрылыстары аяқталмаған мектептердің, ауруханалар мен т.б. нысандарды аяқтауға жұмсауды міндеттеді.

"Бөлінген қаржыны және қолдағы ресурстарды ағымдағы жылдан бастап әлеуметтік нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің проблемаларын шешуге жұмсауды тапсырамын",- деді ел Президенті.

Қазақстанда әлі күнге дейін 189 мектеп, 68 денсаулық сақтау нысаны апатты жағдайда жұмыс істеуде, 92 мектепте 33 мың бала үш ауысымда білім алуда.

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте 2012 жылдың қорытындысы мен 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру міндеттері қаралуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны