13.04.2012, 11:46 3304

Елбасы Индонезия Үкіметінің экономика жөніндегі үйлестіруші-министрімен кездесті

Кездесуде екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, өзара капитал жұмсау көлемін кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің экономикасын дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Астана. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Индонезия Үкіметінің экономика жөніндегі үйлестіруші-министрі Раджас Хатамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, өзара капитал жұмсау көлемін кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің экономикасын дамытудың әртүрлі мәселелері бойынша үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Индонезия Қазақстан аумағында жеңіл өнеркәсіп нысандарын құруға және біздің еліміздің транзит-көлік инфрақұрылымын бірлесіп дамытуға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан Индонезияға минералдық тыңайтқыштар жеткізуді жолға қоюға дайын.

2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 35 миллионнан астам долларды құрады. 2012 жылғы наурызда Астанада қазақстан-индонезия Іскерлік кеңесінің таныстырылымы болып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны