12.04.2012, 14:09 3627

Елбасы Индонезияға мемлекеттік сапармен аттанды

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың мемлекеттік сапары барысында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарлануда.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасына бірінші мемлекеттік сапармен аттанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сапар аясында Индонезия Республикасының Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен, Халық өкілдері палатасының төрағасы Марзуке Алиемен, сонымен қатар Экономикалық мәселелер бойынша үйлестіру министрі Раджасой Хатой және елдің қоғамдық және іскер ортасының өкілдерімен келіссөздер жоспарлануда. Кездесулер барысында ағымдағы жағдай мен қазақстан-индонезиялық қарым-қатынастың әлеуеті, тараптар өзара мүдделік танытып отырған өңірлік және халықаралық мәселелер талқыланады. Сонымен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалығының басым бағыттары сараланбақ,- деп жазады ҚазаАқпарат агенттігі.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың мемлекеттік сапары барысында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны