13.04.2012, 14:11 3296

Елбасы Индонезияның жетекші компанияларының көрмесін аралап көрді.

Қазақстан Президентіне Индонезияның ірі компанияларының экспозициялары көрсетілді.

Астана. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезияның жетекші компанияларының көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президентіне Индонезияның ірі компанияларының экспозициялары көрсетілді.

Атап айтқанда, Пирелли мен Континенталь сауда белгісінің серіктесі, ірі шина өндіруші - "Multistrada". "HadjiKallаGroup" компаниясы автокөлік жасаумен және жылжымайтын мүлікпен айналысады. "SinarMasGroup" - целлюлоза-қағаз және тау-кен өнеркәсібінде, агроөнеркәсібі кешенінде активтері бар, өнеркәсіп конгломерат компаниясы. "Ibris" - тау-кен өндірісінде, энергетикалық және азық-түлік секторында, мұнайхимия, құрылыс салаларында әрекет етуші инвестициялық компания. Мемлекеттік авиация құрылысы компаниясы "DirgantaraIndonesia" - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ұшақ жасаушы жалғыз компания. Пертамина ұлттық компаниясы - елдегі ірі мұнайгаз операторы.

Сонымен қатар көрмеге өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларын дамытудағы негізгі орталық болып табылатын Батыс Ява өңірлік үкіметі қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны