30.05.2007, 13:50 2039

Елбасы интернет-конференция өткізеді

АЛМАТЫ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 7-маусымда интернет-конференция өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР электрондық үкіметінің сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасап.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында on-line интернет-конференция өтеді. Оның барысында мемлекет басшысы халықты ең көп қызықтырған сауалдарға жауап береді. Сонымен бірге интернет-конференция барысында Интернет тұтынушыларына өздеріне ұнаған сауал үшін дауыс беріп, ең жиі қойылатын 30 сұрақты анықтауға мүмкіндік беріледі.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе [email protected] электронды пошта адресіне жолдауға болады. Сұрақтар 7-маусым күнгі сағат 12-ге дейін қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны