02.08.2016, 21:14 4395

Елбасы Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбекті қабылдады

Мемлекет басшысы экономиканы дамыту және елімізге тікелей шетел инвестициясыныӊ тартылуы үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар туғызу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Ж.Қасымбек Нұрсұлтан Назарбаевқа "Нұрлы жол" және елдіӊ индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларыныӊ іске асырылуыныӊ басты мәселелері, сондай-ақ министрлік қызметініӊ алдағы кезеӊге арналған басым бағыттары жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы экономиканы дамыту және елімізге тікелей шетел инвестициясыныӊ тартылуы үшін қолайлы инвестициялық жағдайлар туғызу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жаӊа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мәселесіне тоқталды.

Инвестициялар және даму министрі жыл соӊына дейін 800 шақырымды қамтитын жаӊа жол төсемін пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын айтты.

2020 жылға дейін қашықтығы 7000 шақырым Астана - Алматы, Астана - Өскемен, Астана - Ақтау және т.б. бағыттар бойынша автожол құрылысы аяқталатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны