29.07.2013, 16:12 4503

Елбасы Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"4 тамызда Иран тарапының шақыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсіміне қатысады. Теһранда Мемлекет басшысы Иран Президентімен екіжақты келіссөздер өткізеді",-деді ол.

Сонымен қатар, бұл ұлықтау рәсіміне ҚР Президентімен бірге басқа да мемлекет, үкімет, парламент басшылары шақырылған.

Иран мен Қазақстан арасында қарым-қатынас жан-жақты дамып отырғанына тоқталған ресми өкіл: "Иранның ядролық бағдарламасы бойынша алғашқы күннен бастап Қазақстан осы мәселені тек бейбіт және дипломатиялық жолдар арқылы шешуде табандылық танытып, барлық тараптарды осыған шақыруда. Естеңізде болса, биылғы жылдың ақпаны мен сәуірінде Алматыда Қазақстанның шақыруымен Иран ядролық бағдарламасы төңірегінде "5+1" форматындағы келіссөздер өткен болатын",-деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны