11.04.2011, 16:48 4139

Елбасы Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жеделхатын жолдады

Елбасы Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке құттықтау жеделхатын жолдаған.

"Барша қазақстандықтар мен жеке өзімнің атымнан Сізді және Ресей халқын Юрий Гагариннің тарихи ұшырылымына 50 жыл толуымен құттықтаймын!

Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары барша адамзат үшін айтулы оқиға болды. Ол біздің техника мен ғылымның үлкен жетістігі, барлық туысқан халықтардың ұжымдық күш-жігері мен еңбекқорлығының нәтижесі.

Адамзаттың ғарыштық сапары қазақстандық Байқоңырдан басталды. Содан бері жүз жылдың жартысынан астам уақыт Байқоңырдан ғарыш кемелері мен құрылғылары ұшырылып келеді. Миссиясын аяқтаған ғарышкерлерді біздің жеріміз құшақ жая қарсы алуда.

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асырып жатқанына қуаныштымын. Біздің жемісті қарым-қатынастарымыз бздің мемлекеттер мен халықтардың, барша адамзаттың игілігі үшін жалғасын тауып, дами беретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Photo: pushkinlib.spb.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны