27.02.2015, 09:29 3712

Елбасы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетініӊ ректоры Жексенбек Иділовті қабылдады

Мемлекет басшысы оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдыруға байланысты маӊызды міндет тұрғанына тоқталды

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдыруға байланысты маӊызды міндет тұрғанына тоқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті елді индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде жоғары білікті инженер мамандарға сұраныс ұлғаятынын атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Индустрияландыру жылдары салынған 700-ден астам нысан, сондай-ақ биыл іске қосу жоспарланған 70 шақты кәсіпорын жақсы дайындалған инженерлерді қажет етеді. Сондықтан соӊғы кездері республиканыӊ жоғары оқу орындарын дамыту және трансформациялау мәселесіне айрықша көӊіл бөлінуде. Сонымен қатар, қаржыландыруды ұлғайту, ғылыми-зерттеу институттарын университеттердіӊ қарамағына беру ісі студенттерге оқу барысында ғылыммен айналысуға жағдай жасауға бағытталған. Өкінішке қарай, бүгінде түлектердіӊ көпшілігі, тіпті ғылыми дәреже алғандары да ғылымға талпынбайды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ж.Иділов Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру барысы туралы айтты. Сондай-ақ техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салалардағы инновациялық жобалар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инженерлік білім беруді дамыту саласына қатысты бірқатар міндеттер қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны