09.03.2016, 15:11 3876

Елбасы Қадыр Мырза Илі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды

Қазақстан Президенті әлемдік экономиканыӊ жаӊаруына ғылыми жетістіктер мен инновациялар негіз болатынын атап өтті.

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы өнер мен мәдениет залын, кітапхананы және мемориалдық кабинетті қарап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев облыстыӊ шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті әлемдік экономиканыӊ жаӊаруына ғылыми жетістіктер мен инновациялар негіз болатынын атап өтті.

Біздер және жас ұрпақ мүлде басқа құрылымдағы экономиканыӊ куәгері болатын боламыз. Бұған еӊ алдымен білім арқылы дайындалуымыз керек. Балалардыӊ бойына мектеп орындығынан бастап инновациялық тұрғыдан ойлау қасиетін дарыту керек. Болашақта бүгінгі мамандықтарға қажеттілік азаяды. Өйткені, қазіргі заманда ғылым өте жылдам дамып жатыр. Қазір басқа сипаттағы білім қажет. Балалардыӊ еркіндігі мен шығармашылығына көбірек мүмкіндік беріп, белсенді ойлау қабілетіне қолдау көрсету керек, - деді Мемлекет басшысы.

Шығармашыл зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жүргізіп отырған татулық пен келісім саясаты үшін, елдіӊ түрлі этностарыныӊ мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қажетті жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.

Шығармашылық үйі әдеби-шығармашылық сипаттағы кездесулер мен концерттерді, бейнелеу өнері туындыларыныӊ көрмесін, облыстыӊ жазушылары мен ақындары шығармаларыныӊ кітапханасын ұйымдастыру сияқты түрлі шаралар өткізуге арналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны