23.10.2015, 13:01 4338

Елбасы Канаданыӊ Либералдар партиясыныӊ парламенттік сайлауда жеӊіске жетуіне байланысты Джастин Трюдоға құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта сайлаудағы жеӊіс Д.Трюдоныӊ саясатын Канада халқыныӊ кеӊінен қолдайтындығыныӊ көрсеткіші екені айтылған

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Жеделхатта сайлаудағы жеӊіс Д.Трюдоныӊ саясатын Канада халқыныӊ кеӊінен қолдайтындығыныӊ көрсеткіші екені айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трюдоныӊ Премьер-министр лауазымындағы қызметі Канаданыӊ өсіп-өркендеуіне және елдеріміз арасындағы серіктестік қарым-қатынастардыӊ одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Соӊында Қазақстан Президенті Канаданыӊ Либералдар партиясы көшбасшысына зор денсаулық, қызметіне табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны