17.06.2015, 13:52 3521

Елбасы Катар Мемлекетініӊ сыртқы істер министрі Халед әл-Атыяны қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Катардыӊ қарым-қатынасы жоғары деӊгейде екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Сіздіӊ сапарыӊыз ынтымақтастығымыздыӊ деӊгейін одан әрі көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін. Катар біздіӊ елордамыздыӊ құрылысына, соныӊ ішінде "Нұр Астана" мешітініӊ құрылысына жәрдем етті. Сонымен қатар Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен жандар үшін Семей қаласында салу жоспарланған сауықтыру орталығыныӊ құрылысына жасалған көмекке ризашылық білдіргім келеді, - деді Мемлекет басшысы.

Бұл жоба Н.Назарбаевтыӊ мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры мен Катар даму қорыныӊ өзара ықпалдастығы негізінде жүзеге асырылуда.

Халед әл-Атыя өз кезегінде Катар Имірініӊ сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастық одан әрі нығая береді деп үміттенетінін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны