26.10.2015, 16:32 4474

Елбасы Катардыӊ жетекші корпорациялары мен қаржы институттары басшыларымен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдіӊ ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар екенін, сондай-ақ Катар өз өӊірінде ғана емес, халықаралық аренада да маӊызды рөл атқаратынын атап өтті. Катар қарқынды дамып келеді, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімініӊ көрсеткіші еӊ жоғары елдіӊ бірі болып саналады

Астана. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдіӊ ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар екенін, сондай-ақ Катар өз өӊірінде ғана емес, халықаралық аренада да маӊызды рөл атқаратынын атап өтті. Катар қарқынды дамып келеді, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімініӊ көрсеткіші еӊ жоғары елдіӊ бірі болып саналады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Катар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтыӊ әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына тоқтала келіп, сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды мейлінше жоғары деӊгейге жеткізу қажеттігін айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

- Иранныӊ Парсы шығанағындағы Бандер Аббас портына Қазақстаннан тікелей шығатын теміржол елдеріміз арасындағы тауар айналымыныӊ жандануына ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Орталық Азияда Қазақстанныӊ әлеуеті зор және экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті. Біз ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайынбыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

Кездесуге Катар бизнесмендері қауымдастығыныӊ төрағасы, "Al-Faisal Holding Co." компаниясы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Фейсал бен Касем Ил Тани, Катар бизнесмендері қауымдастығыныӊ теӊ төрағасы, "Ezdan Holding Group" холдингі директорлар кеӊесініӊ төрағасы Халед бен Тани Ил Тани, сондай-ақ "Um Haish International", "Medicare Group-Ahli Hospital", "Al Rayan Bank", "Qatar International Islamic Bank", "Qatar National Bank", "Qatar Solar Energy", "Qinvest Bank" сияқты ірі компаниялар мен банктердіӊ басшылары қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны