11.08.2015, 14:12 3903

Елбасы "Қазақфильм" киностудиясына барды

Қазақстан Президенті киностудия қызметімен, оныӊ жаӊа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ "Қазақ Елі" сериалыныӊ түсірілім алаӊын көріп, шығармашылық топпен әӊгімелесті

Астана. 11 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті киностудия қызметімен, оныӊ жаӊа жобаларымен және киноөндіріс үдерісімен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ "Қазақ Елі" сериалыныӊ түсірілім алаӊын көріп, шығармашылық топпен әӊгімелесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстан мемлекетініӊ құрылуы туралы баяндайтын, жұмыс барысындағы бастапқы атауы "Так сложились звезды" деп аталатын фильм түсірілімі жүріп жатқан алаӊда болды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақфильм" - республикамыздыӊ жаӊғыртудан кейін сапалы киноөнімдер шығару мүмкіндіктері арта түскен басты киноөндіріс орны.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны