31.03.2009, 13:45 3208

Елбасы Қазақстан Даму банкіне Астанадағы поликремний зауытының құрылысы жобасын қаржыландыруды жеделдету туралы тапсырма берді

Елбасы Қазақстан Даму банкіне Астанадағы поликремний зауытының құрылысы жобасын қаржыландыруды жеделдету туралы тапсырма берді

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Қазақстан Даму банкіне поликремний зауытының құрылысы жобасын қаржыландыруды жеделдету туралы тапсырма берді . Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев "Ланкастер Груп" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қаппаровты қабылдаған кезде тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Қаппаров президентке компания жүзеге асырып жатқан серпінді жобалар туралы, оның ішінде Астанадағы поликремний зауытының құрылысы, Ақмола облысындағы "Сырымбет" кенішінде Қазақстандағы қалайы өндіру жөніндегі тұңғыш жоба және "Ерсай" жобасы туралы әңгімелеп берді.

Жобалардың жалпы құны - 1 миллиард доллар, бұған жеке қаражаттар мен Қазақстан Даму банкінің инвестициялары да кіріп отыр.

"Кездесу барысында Елбасы Қазақстанның Даму банкіне поликремний зауытының құрылысы жобасын қаржыландыруды жеделдету туралы тапсырма берді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны