16.01.2012, 11:05 3377

Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясынан түсетін Мәжіліс депутаттары сайлауында дауыс берді

Бүгін Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезектен тыс XVIII сессиясы барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-дан сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстан Халқы Ассамблеясынан түсетін Мәжіліс депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезектен тыс XVIII сессиясы барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-дан сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Ассамблеядан сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ҚХА кеңесімен ұсынылуы үшін Ассамблея мүшелеріне дауыс беру шарасы өтуде. Қалалық сайлау комиссиясы мәжілісмендерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялағаннан соң сессия жабылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына төмендегі кандидаттар ұсынылып отыр: "Тұрлаулы Қазақстан" қорының басшысы Илиев Жұматай, Республикалық ұйғыр мәдениет орталығының басқарма мүшесі Мурат Ахмадиев, "Возрождение" Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығы кеңесінің мүшесі Егор Каппель, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Роман Ким, "Вайнах" шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы Ахмет Мурадов, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы кеңесінің мүшесі Надежда Нестерова, Астана қалалық "Таң" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің басшысы Зухра Саяпова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Қазақстан украиндерінің радасы" одағының төрағасы Юрий Тимощенко, "Дустлик" республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Розақұл Халмурадов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны