23.04.2015, 18:18 4128

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығымен құттықтады

Бүгін "Мәӊгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" атты тақырыппен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "Мәӊгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" атты тақырыппен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығы деп жарияладық. Бұл Ассамблеяныӊ мерейін асыру арқылы нығая түсетін ел бірлігі жылы. Тарихи жылда біз Қазақстан халқыныӊ мызғымас бірлігі мен ұлы Отанға мәӊгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз", - деді Н.Назарбаев сессияны ашу барысындағы сөзінде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ 20 жылдығы - бұл тұрақтылықтыӊ 20 жылдығы, 20 жылдық бірлескен еӊбектіӊ жемісі, даму мен бірігудіӊ, достықтыӊ жетістігі. Мен барша қазақстандықтарға, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ мүшелеріне өз алғысымды жеткізгім келеді", - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Президент Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ қалыптасу кезеӊдеріне тоқталып, оныӊ қиын күндері құрылып, бүгінгі биік кезеӊге дейінгі жүріп өткен жолдарына назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны