24.04.2015, 10:10 4099

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ XXII сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессия "Мәӊгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбына арналды

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында өткен сессия "Мәӊгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" тақырыбына арналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысты, олардыӊ қатарында ассамблеяныӊ барлық өӊірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өӊірлік этномәдени бірлестіктердіӊ төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардыӊ, саяси партиялардыӊ, діни бірлестіктердіӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, шетел мемлекеттерініӊ дипломатиялық миссияларыныӊ басшылары, жоғары оқу орындарыныӊ ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым және БАҚ өкілдері бар. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ассамблеяныӊ 20 жылдығымен құттықтап, бұл мекеме ел үшін күрделі кезеӊде құрылғанын айтты.

- Біз республиканыӊ тағдырын өз қолымызға алдық. Сөйтіп, бүгінде бүкіл әлемге беделді мемлекет қалыптастырдық. Біз мұны өзіміздіӊ бақытымыз үшін және қазіргі, сондай-ақ келешек ұрпақтыӊ игілігі үшін жүзеге асырдық, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында бүкіл ХХ ғасыр бойы көпэтникалық халықты қалыптастырған күрделі үдеріс жүргенін, соныӊ нәтижесінде елімізге 5,6 миллион адам қоныстандырылғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті "Стратегия - 2050", жаӊа индустрияландыру, "Нұрлы жол" бағдарламасы, бес халықтық реформа, "Мәӊгілік ел" сынды барлық бастамалар алдағы көптеген жылдарға есептелгеніне, оларды тек бүкіл халықтыӊ пәрменді қуат-күші арқылы жүзеге асыруға болатынына назар аударды.

- Бұған болашағы ортақ ұлт қана қабілетті. Біз халық бірлігініӊ бірегей әрі бұған дейін еш жерде қайталанбаған үлгісін қалыптастырудамыз. Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз - Қазақстанға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Екінші, біздіӊ ежелгі жеріміздіӊ тарихына және тілдерді дамытуға қатысты қоғамдық келісім. Үшінші, бүгінімізге және мемлекетіміз бен оныӊ азаматтарыныӊ ұлы болашағына деген нық сенім. Біздіӊ Мәӊгілік еліміздіӊ өзегі - осы, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланысты Ассамблеяныӊ бүгінгі орталық міндеті бес реформаны жүзеге асыруға, бірінші кезекте, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыруға белсене қатысу болып саналатынын атап айтты.

Сессияда ҚХА ардагерлері, шетелдік қонақтар, өӊірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандық иелері, бюджеттік мекемелер мен жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, Солтүстік полюске сапарлаған алғашқы қазақстандық шаӊғы экспедициясына қатысушылар сөз сөйледі. Олар елдіӊ орнықты дамуына негіз болып отырған тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сессия барысында елдіӊ этномәдени бірлестіктерініӊ өкілдері Л.Ни мен О.Дымов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасарлары болып тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ассамблеяны құру ісініӊ бастауында тұрған ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердіӊ белсенділеріне "Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл" мерейтойлық медальдарын тапсырды

Ассамблея XXII сессиясыныӊ қорытындысы бойынша Үндеу қабылдады, онда Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен жарияланған Қазақстан халқы ассамблеясы жылы татулық пен келісімніӊ, тұрақтылықтыӊ, Қазақстан Республикасыныӊ өркендеуі мен гүлденуі үшін халық тұтастығы саясатыныӊ мызғымастығы белгісімен өтіп жатқаны айтылған. Ассамблея сессиясына қатысушылар сондай-ақ жалпы азаматтық құндылықтар жүйесі мен қоғамныӊ рухани байлығыныӊ негізін құрайтын "Мәӊгілік ел" жалпы ұлттық идеясын толық қолдайтынын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны