01.05.2018, 18:31 4772

Елбасы Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты

"Қазақ елі" монументі алдындағы алаӊда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ этномәдени орталықтарыныӊ өкілдері өздерініӊ ұлттық дәстүрін көрсетіп, ән айтып, би билеп қарсы алды.

Астана. 1 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ бірлігі күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.

"Қазақ елі" монументі алдындағы алаӊда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ этномәдени орталықтарыныӊ өкілдері өздерініӊ ұлттық дәстүрін көрсетіп, ән айтып, би билеп қарсы алды.

Елбасы барша қазақстандықтарды және шараға қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

- Баршаӊызды ортақ мейрамымыз - Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнімен құттықтаймын. Бірліктіӊ арқасында біз тәуелсіз мемлекет бола білдік. Біздіӊ бірлігімізді барлық ұлыстар дәріптеп отыр. Бізге әлемніӊ түкпір-түкпірінен көпұлтты мемлекетті қалай құру керек екенін үйрену үшін келетіндер бар, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміз айтулы жетістіктерге көпұлтты Қазақстан халқыныӊ бірлігі мен достығыныӊ арқасында қол жеткізгенін атап өтті.

- Бірлігіміздіӊ арқасында біз озық дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылу және халықтыӊ әл-ауқатын арттыру үшін өзімізге жауапкершілік жүктедік. Халқымыздыӊ береке-бірлігініӊ арқасында мен әрбір қазақстандықтыӊ өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын" жария еттім, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Қазақстан Президенті барша жұртты мерекемен құттықтап, өскелеӊ ұрпақтыӊ болашағыныӊ жарқын болуына ниеттестік білдіріп, әр отбасыға бақ-береке мен амандық тіледі.

- Біз еліміздегі алуан түрлі мәдениеттердіӊ, барлық тілдер мен дәстүрлердіӊ бәрі де өркендеп келе жатқанын көріп отырмыз. Біз - біртұтас халықпыз, бір-бірімізді құрметтейміз әрі жақсы көреміз, ортақ Конституция мен заӊдарға бағынамыз. Бір-бірімізді құрметтеп, достық қарым-қатынаста болу - зор бақыт. Осы бірлігімізді сақтап, бақытымыздыӊ қадірін білейік! - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мерекелік концерт аясында елордалық ұлттық-мәдени бірлестіктердіӊ шығармашылық ұжымдарыныӊ, Астана қаласыныӊ мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерініӊ және отандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен "Рухани жаӊғыру - бірлік пен тұтастық негізі" атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны