31.03.2015, 18:22 6914

Елбасы Қазақстан күрес федерациясыныӊ құрметті президенті, Халықаралық біріккен күрес түрлері федерациясыныӊ Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соныӊ ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соныӊ ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудыӊ, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар халықтыӊ дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудыӊ маӊыздылығына тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысыныӊ көрсетіп отырған қолдауы нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өӊірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғыс жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соныӊ негізінде Қазақстан спортшылары өӊірлік және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны