16.09.2015, 17:38 3675

Елбасы Қазақстан мен Ресейдіӊ ХІІ өӊіраралық ынтымақтастық форумыныӊ жалпы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы өз сөзінде В.Путинге шараныӊ жоғары деӊгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапы форумға зор мән беретінін атап өтті.

Астана. 16 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Шараға сондай-ақ Қазақстан мен Ресей үкіметтерініӊ мүшелері, өӊірлердіӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде В.Путинге шараныӊ жоғары деӊгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапы форумға зор мән беретінін атап өтті.

Елдеріміз арасындағы тауар айналымыныӊ негізгі көлемі өӊірлер арқылы іске асырылады. Бұл дәстүрді әсіресе қазір, әлемдік дағдарыстыӊ әсерін сезініп отырған кезде жалғастыру қажет. Шараныӊ болашақ ұрпақ үшін жұмыс істеп, пайда әкелетін, гипержобаға айналған Сочиде өтуініӊ символдық нышаны бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ әлемдегі еӊ тұрақты валюта азық-түлік екенін атай отырып, форум тақырыбыныӊ маӊыздылығын айтты.

Біздер аграрлық-өнеркәсіптік елдерміз, сәйкесінше осы салада зор мүмкіндіктеріміз бар. БҰҰ деректері бойынша, 2050 жылға қарай Жер бетіндегі халық саны 9 миллиард адамға жетеді. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігі бұдан әрі қарай жаһандық дамудыӊ өзекті мәселесіне айналады. Қазақстан мен Ресей баға жетпес байлыққа - жалпы аумағы 435 миллион гектар ауқымды ауыл шаруашылығы жерлеріне, іргелі аграрлық ғылым тәжірибесіне ие болып отыр. Табиғи-климаттық аймақтардыӊ әралуандылығы, топырақтыӊ құнарлылығы бізге көптеген аграрлық сала бойынша бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдіӊ агроөнеркәсіп кешені бірегей экспорттық әлеуетке ие екенін айтты.

Қытай, Үндістан, Каспий маӊы мен Орталық Азия елдерініӊ жиынтық импортыныӊ өзі ғана 170 миллиард АҚШ долларынан асады. Біздіӊ елдеріміздіӊ әлемдік азық-түлік нарығында жетекші рөлге ие болу үшін қажетті әлеуеті бар. Ресей қазірдіӊ өзінде астық экспорты бойынша әлемде үшінші орын алады. Бүгінде біздіӊ ел де осы нарықтыӊ бір бөлігі болып саналады, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінде аграрлық саланыӊ мүмкіндіктері толық пайдаланылмай отырғанын да айтты.

Біздіӊ елдерімізге сүт өндірісініӊ тек 6 пайызы, сиыр етініӊ 3 пайызы тиесілі. Еӊбек өнімділігі Канада мен Қытайға қарағанда 8-10 есе төмен. Қазір жағымсыз экономикалық үрдістер елдеріміздіӊ дамуына кері әсер етіп отыр. Сонымен бірге бұл жағдай өсімніӊ, соныӊ ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы өсімніӊ ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті елдеріміздіӊ аграршылары мен өӊдеушілері арасындағы өндірістік кооперацияны кеӊейту қажеттігіне назар аударды.

Бүгінде елдеріміз Еуразиялық экономикалық одақта болса да, аграрлықтардыӊ жұмысы әрқилы екенін байқап отырмыз. Ресей 1,5 миллион тонна ет импорттайды, соныӊ ішіндегі 600 мыӊ тонна сиыр етін үшінші елдерден әкеледі. Қазақстан қазір осы нарықты игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өйткені бізде мал шаруашылығы саласында зор әлеует бар. Республикамыз қазір жылына 4 мыӊ тонна сиыр етін өндіреді. Біз бұл көрсеткішті ұлғайтуға дайынбыз. Еліміздіӊ оӊтүстігінен жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін Ресей нарығына жеткізу көлемін ұлғайтуға қажетті айтарлықтай ресурс бар және біз Түркиядан, Польшадан, Қытайдан келетін импортты алмастыра аламыз, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір басымдық ретінде өнімніӊ құрамын нақты айқындау тұрғысынан жаӊа стандарттар мен техникалық регламент талаптарын әзірлеу мәселесіне тоқталды.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығында инновациялар енгізудіӊ маӊыздылығын да атап өтті.

Аграрлық сектор жаӊғыртуды, озық технологиялар енгізуді қажет етеді. Израильді мысалға келтірейін, бұл елдіӊ іс жүзінде құнарлы жері жоқ болса да, әлемдік нарыққа жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін шығарады. Сондықтан елдеріміздіӊ ауыл шаруашылығы министрліктері бірлескен агроинновация орталықтарын құру мәселесін ойластырғаны жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара инвестициялар, трансшекаралық бірлескен кәсіпорындар құру, өндірістік тізбектер түзу, сапалы көлік-логистика инфрақұрылымын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтыӊ маӊыздылығын айтты.

Қазақстан Ресей арқылы өтетін Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі құрылысын аяқтауға таяды. Осыныӊ арқасында біз азық-түлік жеткізу мөлшерін ұлғайту жөніндегі орталықтар құра алар едік. Бұл үшін Еуразия даму банкініӊ ресурстарын пайдалануға болады. Мәселен, банктіӊ биыл қаржыландырған 12 жобасыныӊ 10-ы ауыл шаруашылығына тиесілі, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтан артықшылық алу және мүше елдердіӊ экономикалық мүдделерін бірлесіп қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Қазір ЕАЭО күрделі кезді бастан өткеруде, тауар айналымы 20-25 пайызға төмендеп кетті. Бірақ мәселе интеграцияға емес, сыртқы ықпалдарға, соныӊ ішінде әлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты болып отыр. Біз қиын кезеӊді еӊсеруге тиіспіз. Кез келген дағдарыстан соӊ өсім болады, сондықтан тыӊ серпіліске дайындалуымыз керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны