22.02.2017, 19:54 4860

Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыныӊ 70 жылдығына арналған салтанатты сессияға қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымыныӊ қалыптасуындағы Академияныӊ еӊбегін ерекше атап өтіп, еліміздіӊ ғылыми әлеуетін "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыруға пайдаланудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

Алматы. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыныӊ жалпы жиналысыныӊ салтанатты сессиясына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ұлттық ғылым академиясыныӊ 70 жылдығымен құттықтап, оныӊ заманауи Қазақстанды дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

- Бүгінде Ғылым академиясы салалық және өӊірлік бөлімшелері бар ірі зияткерлік орталыққа айналды. Бұл ретте ол Франция, АҚШ және басқа да елдердегі ғылым академиялары сияқты ғылым үшін жат нәрсемен - әкімшілендірумен айналыспайды. Ғылым саласын орталықтандырудыӊ, онда қалыптасатын монополияныӊ тиімсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымыныӊ қалыптасуындағы Академияныӊ еӊбегін ерекше атап өтіп, еліміздіӊ ғылыми әлеуетін "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыруға пайдаланудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сонымен бірге, Елбасы отандық басқару жүйесі мен ғылыми қызметті үйлестіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды.

- Біз ғылымды орталықсыздандырдық. Көптеген бөлігін жоғары оқу орындарына бердік, алайда олардыӊ бәрі әлі инновациялық орталықтарға айнала қойған жоқ. Қазақстанныӊ ғалымдары өз жұмыстарын белсенді түрде патенттеуде. Бірақ олардыӊ басым көпшілігіне сұраныс жоқ. Ғылым негізінен мемлекет есебінен қаржыландырылуда. Іс жүзінде нақты сектордан тапсырыс түспей жатыр. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарда плагиат жиі кездеседі, - деді Мемлекет басшысы.

Осыған орай Қазақстан Президенті отандық ғылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды түбегейлі өзгертуді тапсырып, осы бағытта бірқатар нақты міндеттер белгіледі.

- Біз ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заӊ қабылдадық. Енді осы заӊ толыққанды қолданылуы қажет. Ғылыми-зерттеушілік қызмет нәтижелерін қазақстандық кәсіпорындардыӊ қажеттіліктеріне бағыттайтын тетіктер енгізу керек. Біздіӊ алдымызда импортты алмастыру және экспорттық өндірісті дамыту міндеті тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті академияныӊ әлеуетін пайдалана отырып фундаменталды және гуманитарлық ғылыми жобалар сараптамасыныӊ сапасын жақсарту қажеттігін айтты.

- Ғылымды басқарудыӊ, оны қаржыландырудыӊ жаӊа формат бойынша және уақтылы жүзеге асырылатын жаӊа жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, Ғылым академиясы жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынамын. Ол Ғалым кодексін және Жарияланымдар әдебі жөніндегі кодексті әзірлеп шыға алар еді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Академиямен және жоғары оқу орындарымен бірге отандық ғылыми басылымдарды халықаралық рейтингтік базаларда ілгерілету жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті әлемдік деӊгейдегі ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін үздік зерттеушілерге қосымша гранттар тағайындау, сонымен бірге Орталық Азия елдерініӊ жас ғалымдарына Қазақстанда ғылыми зерттеу жүргізу үшін грант бөлу мәселесін зерделеу жөнінде тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны