Система Orphus

Елбасы Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады

12.06.2015, 13:51 3505

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Қазақстан мәдениетініӊ, атап айтқанда, бейнелеу өнерініӊ қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы отандық сурет өнерін дамытуға қосқан К.Муллашевтіӊ елеулі үлесіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, суретшініӊ туындылары Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелдердіӊ көрмелеріне де қойылған. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті елдіӊ дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын сақтау мен бұдан әрі танымал ету қажеттігіне назар аударды.

К.Муллашев өз кезегінде Мемлекет басшысына мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне ұдайы қамқорлық пен жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарлары жөнінде әӊгімеледі.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны