17.04.2017, 18:38 6110

Елбасы Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін бекітілген даму бағдарламаларын іске асырудыӊ маӊыздылығын, олардыӊ орындалуына сапалы бақылау жасау қажет екенін атап өтті.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру бағытында Үкіметтіӊ атқарып жатқан жұмысы туралы есеп берілді, сондай-ақ 2017 жылғы бірінші тоқсанныӊ қорытындысы бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардыӊ орындалуы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін бекітілген даму бағдарламаларын іске асырудыӊ маӊыздылығын, олардыӊ орындалуына сапалы бақылау жасау қажет екенін атап өтті.

- Бірінші тоқсанныӊ қорытындысы бойынша еліміздіӊ экономикасы 3%-ға өсті. Бұл - бағдарламаларымыздыӊ жүзеге асырылу нәтижесі. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет және жыл соӊына дейін көрсеткіштерді арттырып, оларды тиімді деӊгейде сақтап қалу керек. Бұған қажетті алғышарттар бар, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Елбасы алдағы іс-шаралар жайына тоқталып, оларды ойдағыдай өткізу үшін жан-жақты дайындық пен бақылау жүргізу қажет екенін айтты.

- Таяуда Қазақстанға Түрікменстан басшылығыныӊ сапармен келуі жоспарлануда. Алдымызда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ саммиті, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі бар. Сонымен қатар, еліміздіӊ одан әрі дамуыныӊ басты мақсаттары туралы да ұмытпау керек, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақалада қойылған міндеттерді іске асырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Қазақстан Президенті алдағы жұмыстар аясында Үкіметке жүктелген жауапкершіліктіӊ жоғары екеніне тоқталып, бұл үдеріске жұртшылықты, соныӊ ішінде зиялы қауым, жастар, үкіметтік емес сектор өкілдерін тарту қажет екенін айтты.

- "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақала көп жылдан бері ойда жүрген болатын. Қазіргі уақытта мақалада қойылған міндеттерді нақты іске асыру жөніндегі жоспар әзірленуде. Қаражат қажет ететін жобалар да бар. Алайда, олардыӊ көбі республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет етпейді, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы көптеген қазақстандықтардыӊ айтылған бастамаларды қызу қолдап отырғанына назар аударды.

- Күн сайын маған еліміздіӊ әр өӊіріндегі жұртшылық өкілдерінен мақаладағы ұсынылған шешімдерге қолдау білдірген көптеген жеделхаттар келіп жатыр. Олардыӊ қатарында түрлі шығармашылық ұжымдар, зиялы қауым өкілдері және жастар да бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті рухани жаӊғырудыӊ белгіленген бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстар жоғары сапалы деӊгейде орындалуға тиіс екенін атап өтті.

Б.Сағынтаев Елбасыға бірінші тоқсанныӊ қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіштердіӊ өсіп келе жатқаны туралы баяндады. Премьер-Министрдіӊ мәліметіне сәйкес, өнеркәсіптіӊ тау-кен саласындағы және қайта өӊдеу секторларындағы көрсеткіштер жоғары деӊгейге жетті.

Сондай-ақ, Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына Үкімет әкімдіктермен, ірі холдингтермен және компаниялармен бірлесіп қолға алған технологиялық жаӊғыру жөніндегі жол қартасыныӊ әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соӊында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны