05.02.2016, 19:30 3882

Елбасы Қазақстан Республикасыныӊ "Сырбар" сыртқы барлау қызметініӊ директоры Ғабит Байжановты қабылдады

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметі өз дамуыныӊ жаӊа кезеӊіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдыӊ күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердіӊ ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шет елдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметі өз дамуыныӊ жаӊа кезеӊіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдыӊ күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердіӊ ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шет елдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Ғ.Байжанов ведомствоныӊ алдына қойылған міндеттердіӊ жүзеге асырылу барысы туралы, соныӊ ішінде кадрларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны