31.08.2016, 07:00 3500

Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, оныӊ талаптарын мүлтіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздіӊ табысты дамуыныӊ басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, оныӊ талаптарын мүлтіксіз орындау, рухын берік ұстану еліміздіӊ табысты дамуыныӊ басты қайнар көзі мен кепілі болып саналатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Негізгі заӊныӊ нормаларыныӊ арқасында экономикалық өсімді, халықтыӊ әл-ауқатыныӊ артуын, халықаралық аренада республика беделініӊ жоғарылауын қамтамасыз еткен тереӊ реформалар жүргізілгеніне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Конституцияда белгіленген қазақстандық құндылықтар "Мәӊгілік Ел" патриоттық актісінде көрініс тапты.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға бақ-береке тілеп, қоғам мен мемлекеттіӊ ортақ күш-жігерініӊ Конституция әлеуетін жан-жақты ашуға бағытталғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны