23.10.2006, 10:35 2841

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін күллі мұсылман қауымының Ораза айтының бірінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың "Нұр-Астана" мешітіне келіп, халқымызды қасиетті мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ораза - әрбір мұсылманды үлкен мен кіші, бай мен кедейлігіне қарамастан теңестіретін, жер басып жүрген әрбір пенденің Жаратушы алдында бірдей екендігін ұғындыратын, адам баласына дүниенің мәнісі ішіп-жеу, тірліктің қызығына түсу емес, бір Аллаға сыйынып, тәубеге келу екендігін нұсқайтын қасиетті парыз. Дүниенің бар байлығын жинап, бар қызығын тауысқан адам жоқ. Бәріміз бұл дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеміз. Бір Алладан басқаның бәрі - бұл өмірдің қонағы.

АСТАНА. 23-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін күллі мұсылман қауымының Ораза айтының бірінші күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың "Нұр-Астана" мешітіне келіп, халқымызды қасиетті мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
"Ораза - әрбір мұсылманды үлкен мен кіші, бай мен кедейлігіне қарамастан теңестіретін, жер басып жүрген әрбір пенденің Жаратушы алдында бірдей екендігін ұғындыратын, адам баласына дүниенің мәнісі ішіп-жеу, тірліктің қызығына түсу емес, бір Аллаға сыйынып, тәубеге келу екендігін нұсқайтын қасиетті парыз. Дүниенің бар байлығын жинап, бар қызығын тауысқан адам жоқ. Бәріміз бұл дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеміз. Бір Алладан басқаның бәрі - бұл өмірдің қонағы. Ендеше, сол аз тірлігімізді ынсап, қанағатпен өткізіп, Жаратушымыздан өзімізге, отбасымызға, алыс-жақын ағайынға, жалпы барша адамзат қауымына тек жақсылық тілейік. Баршаларыңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын, амандық-саулық, береке-бірлік, бақыт тілеймін!" - деп атап өтті Мемлекет басшысы өз құттықтауында.
Елбасы жарлы мен жоқ-жітікке, қарттар мен мүгедектерге көмектесу парыз екендігін, Алладан берілген осынау қысқа ғұмырда бір-бірлерімізге кешірімді, мейірімді болу қажеттігін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны