Система Orphus

Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасыныӊ Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

16.04.2015, 17:37 2280

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайту, байланыстардыӊ кеӊ ауқымы бойынша өзара ықпалдастықты арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайып Ердоған сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереӊдету жолдарын қараcтырды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшылары халықаралық және өӊірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады.

Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық және бауырластық қарым-қатынас өте жоғары деӊгейде екенін атап өтті.

- Сіздіӊ басшылығыӊызбен Түркия соӊғы 12 жылда зор табыстарға жетті. Ол экономикалық көрсеткіштері жағынан әлемде 16-орында, бұл - бүкіл халықтыӊ еӊбегі және Сіздіӊ күш-жігеріӊіздіӊ нәтижесі. Сізбен бірге үлкен делегация келді, олар бүгін екіжақты бизнес форумға қатысады. Сіздіӊ сапарыӊыз біздіӊ қарым-қатынастарымызды жаӊа деӊгейге көтеруге септігін тигізетініне сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Р.Ердоған Қазақстан Президентіне былтыр Түркияға сапармен келіп, инаугурация рәсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

- Илемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ мұнда таяуда президенттік сайлау өтеді. Мен Сізге зор табыс тілеймін, - деді Түркия Президенті.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны