20.11.2015, 13:00 4206

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасыныӊ Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті

Екі елдіӊ көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібініӊ және өӊірлік қауіпсіздіктіӊ мейлінше өзекті жайттары қарастырылды

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Екі елдіӊ көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібініӊ және өӊірлік қауіпсіздіктіӊ мейлінше өзекті жайттары қарастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті өзініӊ шақыртуы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген М.Ғаниға ілтипат білдірді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Орталық Азия өӊірі мен Ауғанстанныӊ ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздіӊ елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздіӊ елге гүлденген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді,- деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанныӊ тереӊ түсіністікпен қарайтынын айтты.

Соӊғы жылдары тұрақтану үдерісі байқалып отыр, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Бұл - маӊызды ниет және оны біз қолдаймыз, - деді Қазақстан Президенті.

М.Ғани өз сөзінде еліміздіӊ тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды.

Сіз "Қазақстан-2030" Стратегиясын жариялағаныӊызда, әлемде оған сенгендер көп емес еді. Алайда Сіздіӊ басшылығыӊызбен және жан-жақты әрі жедел қабылданған шаралардыӊ арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, асыра орындау қамтамасыз етілді. Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өӊірге жарқын үлгі бола алады. Осыған байланысты Сіздіӊ 1997 жылы айтқан "Кеше әлі ерте болатын, ал ертеӊ кеш болуы мүмкін" деген сөзіӊізді еске алғым келеді, - деді Ауғанстан Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны