27.10.2015, 12:45 4077

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Премьер-министр лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, әлемдік экономикадағы күрделі ахуал кезеӊінде қызметініӊ табысты болуына тілектестік білдірді

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэні Премьер-министр лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, әлемдік экономикадағы күрделі ахуал кезеӊінде қызметініӊ табысты болуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Жапонияны көп нәрсе байланыстыратынын атап өтті.

Біздіӊ елдеріміз ядролық қаруды сынақтан өткізу мен қолданудыӊ қасіретті зардабын басынан өткерді. Сол себепті мен жаһандық антиядролық қозғалыс жөнінде бастама көтердім және осыған орай Сіздіӊ бастамаларыӊызды біз толық қолдаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы Астана құрылысы жапон архитекторы К.Куракаваныӊ бас жоспары бойынша, ал елордадағы жаӊа халықаралық университетті дамыту Жапония өкілі - ректор Ш.Катсудыӊ басшылығымен жүзеге асырылып келе жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ-жапон қарым-қатынастарын дамыту мәселелеріне де тоқталды.

Біздіӊ елдеріміз арасында экономикалық тұрғыдан да, саясат саласында да келіспеушілік жоқ. Қазақстан Сіздіӊ елмен барлық бағыт бойынша ынтымақтасуға ниетті. Сіздіӊ Орталық Азия елдеріне сапарыӊыз маӊызды әрі дер кезінде жасалып отыр. Біз өзара іс-қимылдыӊ "Жапония - Орталық Азия" форматын қолдаймыз және оны қажет деп санаймыз, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрініӊ бұл сапары екі елдіӊ ынтымақтастығына жаӊа серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.

С.Абэ қонақжайлық пен ілтипатты қабылдау үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Мен Премьер лауазымында болған 9 жыл ішінде Қазақстанға бірінші рет келіп отырмын. Бұрын біз түрлі халықаралық шараларда үш рет кездестік, бұл - біздіӊ төртінші кездесуіміз. Осындай тығыз байланыстар арқылы қарым-қатынастарымызды белсенді түрде дамытып отырғанымыз мені аса қуантады, - деді С.Абэ.

Жапония Премьер-министрі Қазақстанға іскер топтар өкілдерінен тұратын кеӊ ауқымдағы делегациямен бірге келгенін және нақты нәтижелерге үміт артатынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны