20.10.2006, 18:06 3208

Елбасы Қазақстанның бас мүфтиін қабылдады

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today . Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ибсаттар кажы Дербісәліні қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бүгінгі күні барша жұртшылық әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның беделі күнген-күнге, айдан-айға, жылдан-жылға арта түскенін көріп отыр. Баршамыздың ортақ үйіміз - Қазақстанда әрқашанда бейбітшілік, достық және келісім бола берсін, иншалла. Біздің елімізде, жерімізде әрдайым тыныштық, достық һәм келісім болып тұрса, экономикада да, саясат пен мәдениетте де зор табыстарға қол жеткіземіз, - деп атап өтті Бас мүфти журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны