15.12.2010, 17:29 4385

Елбасы Қазақстанның бірқатар азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін қазақстандықтардың үлкен бір тобы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында көрнекті мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік саланың, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін дайындауға және өткізуге лайықты үлес қосқан отандастарымыз бен шетелдік қайраткерлер де мемлекеттік наградаларға ие болды.

Рәсімді аша отырып, Президент нагарадалар республиканың экономикасы мен мәдениетін дамытуға, достық пен келісімді нығайтуға, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге, Қазақстанның қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін арттыруға елеулі үлес қосқан азаматтарға тапсырылатынын атап өтті.

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстанның әлеуметтiк-гуманитарлық дамуындағы аса үздiк жетістіктерi және мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі үшiн Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Еркеғали Рахмадиевке берiлдi.

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы Мемлекеттік сыйлықтарының иегерлері ретінде еліміздің маңызы зор мемлекеттік рәмізін жарыққа шығаруға қосқан үлестері үшін Қазақстанның әнұранының авторлары - ақын Жұмекен Нәжімеденов пен композитор Шәмші Қалдаяқов, туған жерге арналған көркем туындылар топтамасы үшін суретші Амандос Ақанаев атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы Полад Бюльбюль Оғлына берілді.

"Отан" орденімен академик Салық Зиманов пен жазушы Изілхан Нұршайықов, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов марапатталды.

І дәрежелі "Барыс" орденіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ІІ дәрежелі "Барыс" орденіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің Басшысы Аслан Мусин мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ие болды. ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен И.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі К.М.Байпақов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.И.Есполов, "Орталық қалалық клиникалық аурухана" МКК директоры Е.Б.Тәжиев, Павлодар қаласы, "Еуразиялық өнеркәсіп тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Р.Ибрагимов марапатталды.

Белгілі ғалымдар, мәдениет, білім қайраткерлері, өндірісшілердің бір тобының еңбегі "Парасат" орденімен атап өтілді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы" АҚ бас директоры С.Қ. Ақшолақов, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры Ш.К. Беркімбаева, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Е.К.Ертісбаев, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ Басқарма төрағасы Қ.Н.Келімбетов, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі М.А.Құл-Мұхаммед, Қостанай облысының Иулиекөл ауданы "Агрофирма "Диевская" ЖШС бас директоры О.В. Даниленко, "Қазақ әуендері" АҚ "Қазақконцерт" концерттік бірлестігі" филиалының директоры А. Қоразбаев, "Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған № 19 спорттық мектебі" РМҚК қазіргі бессайыстан жаттықтырушысы Л.Г. Шумилова және т.б. бар.

I дәрежелі "Достық" орденімен наградталғандар арасында белгілі ақындар Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиев, академик Төрегелді Шарманов бар. ІІ дәрежелі "Достық" орденімен Қ.Қожамьяров атындағы республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының көркемдік жетекшісі А.Қадыров, Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы В.Крымская, "Лукойл" ААҚ президенті В.Алекперов марапатталды.

"Қазақстан электролиз зауыты" АҚ алюминий электролизі цехының операторы Ұ.С. Иубәкіров, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының И.Жангелдин атындағы орта мектебінің мұғалімі Н.Зәуірбекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры О.Исахов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этногология институтының бас ғылыми қызметкері О. Ысмағұлов, "А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі" РМҚК оқытушысы Л.М. Ли, "Қазақстан камератасы" классикалық музыка ансамблінің директоры Г.Қ. Мырзабекова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры А. Мұхамедиұлы, Ақмола облысының Қорғалжын ауданы "Алтынай" ШҚ механизаторы А.А. Руш, "Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы" РҚБ президенті Р.Б. Сәрсембаева, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ж.Айтжанова, Премьер-Министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі И.Исекешев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов және т.б. "Құрмет" орденінің иегері атанды.

Искери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі "Даңқ", І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медальдарымен марапатталды.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ғылым, мәдениет, өндіріс пен әлеуметтік саланың 72 көрнекті өкіліне беріліп, ал Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына 255 адам ие болды.

Мемлекет басшысы марапатталғандарды алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығымен құттықтап, оларға денсаулық, табыс және аман-есендік тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны