12.10.2011, 11:42 8033

Елбасы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты

"Халқымыздың аса көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Қазақ елі "Тұмаш" деп еркелеткен ардақты азамат, ұлттық поэзиямыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жыр алыптарының үркердей тобына жататын санаулы қайраткерлердің бірі еді. Марқұмның жатқан жері жарық болып, нұрлы да мөлдір жаны бейіште шалқысын демекпін", делінген жеделхатта.

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған.

"Халқымыздың аса көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Қазақ елі "Тұмаш" деп еркелеткен ардақты азамат, ұлттық поэзиямыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жыр алыптарының үркердей тобына жататын санаулы қайраткерлердің бірі еді.

Сезім мен нәзік лириканың теңдессіз шебері Тұмағаңның өлеңдері көптеген жүрекке өшпестей жол салғаны шүбәсіз. Жан-дүниеңді үйіріп, рухыңды асқақтата білетін шыншыл да тәкәппар поэзиясы бұл күнде ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына, халқымыздың рухани байлығына айналды.

Қаламгердің өнегелі өмірі, жарқын бейнесі, ғибраты мол өміршең өлеңдері өшпейді деп білемін.

Марқұмның жатқан жері жарық болып, нұрлы да мөлдір жаны бейіште шалқысын демекпін", делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны