24.01.2008, 16:10 2762

Елбасы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісін босату туралы жарлыққа қол қойды

Елбасы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісін босату туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Өзбеков Өмірзақ басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің қаулысымен ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы болып Өмірзақ Өзбеков тағайындалған.

Ө. Өзбеков 1947 жылы 10-қарашада Алматы облысының Бақанас ауылында дүниеге келген. Мал дәрігері мамандығы бойынша Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы бастаған. 1991 жылдан Алматы облыстық агро өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, кейіннен Алматы облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болған.

1994 жылдан бастап Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы, кейіннен әкімі болған. 1996 жылдан Талдықорған облыстық әкімшілігінің басшысы тұрған.

1997 жылдан бастап ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі. Ал 2003 жылдан соңғы уақыттарға дейін ҚР-ның Қырғызстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны