28.08.2012, 18:29 3040

Елбасы қазан айында Австрияға ресми сапармен барады

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Вольфганг Баняй мәлім етті, деп хабарлады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 28-тамыз. Kazakhstan Today - Елбасы қазан айында Австрияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан Республикасындағы Австрия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Вольфганг Баняй мәлім етті, деп хабарлады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

"Біз өзара қарым-қатынастарымызды нығайту үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. 22-23 қазан күндері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрияға жасайтын сапары қарым-қатынастарды нығайтудың келесі қадамы болады. Сапар барысында Н.Назарбаев біздің Президент Хайнц Фишермен кездеседі",- деп атап өтті бүгін Н.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған елші.

Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапар Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастыққа қуатты серпін береді деп сенетінін жеткізді.

"Қазақстан Австрия Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Биылғы жылдың қазан айында менің Венаға ресми сапарым жоспарланып отыр. Ол Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастыққа қуатты серпін береді деп сенемін. Екі ел арасындағы өзара сауда көлемі өткен жылы 49 пайызға өсіп, 4 млрд. долларға жетті", - деп өтті ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны