23.04.2012, 09:16 3963

Елбасы "Қазатомпром" ҰАК" АҚ президентін қабылдады

В.Школьник Президентті "Қазатомпромның" 2012 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының қорытындылары туралы, сондай-ақ баламалы энергетика саласындағы жобалар жайынан хабардар етті. Сонымен, 2012 жылғы бірінші тоқсанда компания өндірістік көрсеткіштің белгіленген деңгейіне қол жеткізді. Барлық келісім-шарт бойынша келісілген міндеттемелер толық көлемде орындалды.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазатомпром" ҰАК" АҚ президенті Владимир Школьникті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, В.Школьник Президентті "Қазатомпромның" 2012 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының қорытындылары туралы, сондай-ақ баламалы энергетика саласындағы жобалар жайынан хабардар етті. Сонымен, 2012 жылғы бірінші тоқсанда компания өндірістік көрсеткіштің белгіленген деңгейіне қол жеткізді. Барлық келісім-шарт бойынша келісілген міндеттемелер толық көлемде орындалды.

"Қазатомпром" ҰАК" АҚ еншілес және тәуілді кәсіпорындардың қатысу үлесін ескергенде, 2012 жылдың 3 айында 2656 тонна уран өндірді, бұл 2011 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштен 4 пайыз жоғары. Компанияның шоғырландырылған кірісі 51 млрд теңгені құрады.

"Қазатомпром" ҰАК" АҚ-ның даму бағдарламасына сәйкес, бірінші тоқсанда ядролық отынды конверсиялау, байыту және өндірісі саласындағы компания қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша жұмыстар жалғасын тапты.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев "Қазатомпром" басшысының алдына нақты міндеттер қойып, бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны