10.09.2009, 18:17 3264

Елбасы "Қазхром" трансұлттық компаниясының жаңа цех құрылысының іргетасына капсула салды

Елбасы "Қазхром" трансұлттық компаниясының жаңа цех құрылысының іргетасына капсула салды

Ақтөбе. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге жұмыс сапары барысында Ақтөбеде "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ ферроқорытпа зауытының жаңа цехының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңа цех құрылысының іргетасына капсула салды.

Н.Назарбаев барлығы облыста 54 жобаның тапсырылатынын атап көрсетті. Осы жерде, осы цехта ең заманауи инвестициялық технология қолданылды.

"Мен жыл сайын Ақтөбе облысында, сіздердің зауыттарыңызда болып тұрамын. Мүмкін мені осында бұрынғы металлург ретінде тартып тұратын да шығар. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты - Қазақстан металлургиясының қарлығашы. Ескі зауыт та жақсы, бірақ жаңа жағдайда жаңа технологиялар қажет. Бұл мүлдем түбегейлі басқа өндіріс, ол қуаттылықты 2 есе ұлғайтады, экология мүлдем жақсарады. Ирбір жұмысшының еңбек өнімділігі 4 есе артады. Хром алу 90 пайызды құрайтын болады. 1,5 мың адам осы жерден жұмыс табады. Ақтөбе үшін және Қазақстан үшін бұл - техниканың жаңа жетістігі", - деп атап көрсетті Елбасы.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты - "Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ-ның филиалы. 1943 жылы құрылған, Қазақстан қара металлургиясы саласының тұңғышы. Өзінің құрамында зауыттың үш балқыту цехы, сондай-ақ шлактарды қайта өңдеу, шихта даярлау, кен-байыту цехтары және басқа да көмекші нысандары бар. Өзінің газ-турбина электр станциясы жұмыс істейді.

"Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа, төртінші цехында посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ жоғары көміртекті феррохром өндірісінің инновациялық технологиялары, сондай-ақ электр жабдықтары мен автоматтандырудың жаңа жүйелері пайдаланылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны