04.03.2011, 13:42 3745

Елбасы кезекті әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 4 - наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 3 наурызда "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" жарлығына қол қойған. Жарлықтың мәтіні "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

"Искери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін: белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын", - делінген құжатта.

Сондай-ақ президент жарлығымен: "шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын", - деп қаулы етті.

ҚР Президенті жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, деп тапсырма берді.

"Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел әскери қызметке шақырылған азаматтарды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тапсырылды", - делінген ресми құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны