01.09.2015, 20:13 4325

Елбасы ҚХР Мемлекеттік кеӊесініӊ премьері Ли Кэцянмен кездесті

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесу барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен жүздесу барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Ли Кэцянға алғыс айтып, ҚХР Мемлекеттік кеӊесі премьерініӊ былтырғы желтоқсандағы сапарыныӊ маӊызына тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сіз Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтыӊ жаӊа кезеӊін қалыптастыру ісіне зор үлес қостыӊыз. Қазір біз қол жеткізген уағдаластықтар мен бірқатар өнеркәсіп орындарын Қазақстанға көшіру жөніндегі ұсыныс толық қарқынмен жүзеге асырылуда. Соныӊ нәтижесі ретінде бүгінге дейін бірлескен индустриялық нысандар құру туралы 25 келісімге қол қойылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ "Нұрлы жол" және "Жаӊа Жібек жолы" бағдарламаларыныӊ синергиясы екі елдіӊ стратегиялық ынтымақтастығын нығайту үшін жаӊа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан Ресейге қарай автомобиль жолы, Иран арқылы Парсы шығанағына қарай теміржол салынды, Каспий теӊізінде теӊіз порты құрылды, Орталық Азияныӊ барлық мемлекеттері Қорғас арқылы байланыстырылды. Жаӊа Жібек жолыныӊ Қазақстан арқылы өтетін бөлігі толығымен дайын деп сеніммен айтуға болады, - деді Мемлекет басшысы.

Ли Кэцян Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайтудағы рөлі мен елдеріміздіӊ қарым-қатынастарын жаӊа сапалы деӊгейге шығару ісінде Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ үлесі зор екенін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны