01.09.2015, 13:15 3903

Елбасы ҚХР-дыӊ іскер және қаржылық топтар өкілдерімен кездесті

Іс-шараға "Хуавэй" корпорациясы басқармасыныӊ төрағасы Сунь Яфан, "Цинхуа" корпорациясы басқармасыныӊ төрағасы Хо Цинхуа, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкініӊ көпжақты уақытша хатшылығыныӊ бас хатшысы Цзинь Лицюнь, "СИТИК Групп" корпорациясы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Чан Чжэнмин, Қытай мемлекеттік даму банкініӊ президенті Чжэн Чжицзе және Қытайдыӊ басқа да жетекші компанияларыныӊ басшылары қатысты

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Іс-шараға "Хуавэй" корпорациясы басқармасыныӊ төрағасы Сунь Яфан, "Цинхуа" корпорациясы басқармасыныӊ төрағасы Хо Цинхуа, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкініӊ көпжақты уақытша хатшылығыныӊ бас хатшысы Цзинь Лицюнь, "СИТИК Групп" корпорациясы директорлар кеӊесініӊ төрағасы Чан Чжэнмин, Қытай мемлекеттік даму банкініӊ президенті Чжэн Чжицзе және Қытайдыӊ басқа да жетекші компанияларыныӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы мұндай кездесулер мен пікірлесулер екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл сапарды Қазақстан-Қытай байланыстарындағы бетбұрысты кезеӊ деп санаймын. Біз Қытаймен негізінен энергетика және ресурс өндіру салаларында 20 жылдан астам белсене ынтымақтасып келдік. Енді жаӊа кезеӊде экономиканыӊ өӊдеу, сонымен бірге машина жасау және ресурсты қайта өӊдеу секторларындағы өзара іс-қимылды күшейтуге кірісеміз. Кеше ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткен сындарлы келіссөздер барысында 45 бірлескен нысан ашу жөнінде уағдаластық. Соныӊ 25-і бойынша жалпы құны 23 миллиард доллардыӊ келісіміне қол қойылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны