14.03.2013, 09:55 3004

Елбасы қысқа мерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс бабындағы кездесу өткізді

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен инновациялық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жайы қарастырылды.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс бабындағы кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен инновациялық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жайы қарастырылды.

Талқылау нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны