05.10.2017, 18:39 4708

Елбасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысыныӊ жұмыс сапары барысында "Байқоӊыр" ғарыш айлағын дамыту жобаларымен танысуы, "Қорқыт ата" мемориалды кешенін, сондай-ақ өӊірдегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көруі жоспарланған.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қызылорда қаласына келді.

Мемлекет басшысыныӊ жұмыс сапары барысында "Байқоӊыр" ғарыш айлағын дамыту жобаларымен танысуы, "Қорқыт ата" мемориалды кешенін, сондай-ақ өӊірдегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көруі жоспарланған.

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді.

Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарыныӊ нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаӊ жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маӊы абаттандырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа әкімшілік ғимаратты және "Қасиетті арқар" атты мүсінді көрді.

Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаныӊ өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны