19.10.2015, 21:10 3795

Елбасы Қызылорда облыстық әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық қызметімен танысты

Ахуалдық орталықта арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс істейді

Астана. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Орталық қызметі 2014 жылдыӊ маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаныӊ мақсаты - Қызылорда облысы әкімдігі қызметініӊ тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, Ахуалдық орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оныӊ орындалу барысын да қадағалайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ахуалдық орталықта арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны