25.07.2016, 21:29 4102

Елбасы қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Сұлтан Жиенбаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқыныӊ бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today. Елбасы қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Сұлтан Жиенбаевпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқыныӊ бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті С.Жиенбаевқа әскери ерлігі мен елдіӊ дамуы жолындағы аянбай еткен еӊбегі үшін алғыс айтып, алған марапатымен құттықтады.

- Сіз өткен ғасырдыӊ қиын кезеӊдерініӊ куәю сі болдыӊыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіӊіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіӊіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіӊіз. Өткен өміріӊізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздіӊ биік азаматтық қасиеттеріӊіз барша Қазақстанныӊ құрметі мен қошеметіне лайық, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысыныӊ ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі.

С.Жиенбаев республиканыӊ қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентініӊ жеке еӊбегіне тоқталды және өз қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны