18.10.2016, 11:01 3755

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Қазақстан Президенті ведомствоныӊ жаӊадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюыныӊ маӊыздылығына назар аударды.

Астана. 18 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Президенті Нұрсұлтан кеше Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде С.Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктіӊ қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті ведомствоныӊ жаӊадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюыныӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтыӊ бүгінгі күнге дейінгі оӊ нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны