11.01.2007, 10:11 1681

Елбасы қорғаныс министрлігінің офицерлік құрамына жаңа жетекшілерін таныстырды

АСТАНА. 11 қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрлігінің офицерлік құрамына жаңа министр Даниал Ахметовты таныстырды,-деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Өздерінің білесіздер, үкіметтің отставкасын мен қабылдадым. Жаңа үкімет басшысы тағайындалып, үкімет мүшелері жасақталып жатыр. Осыған орай енді еліміздің қораныс министрлігіне осыған дейін әскери қызметте болмаған адам - Даниал Кенжетайұлы Ахметов басшылық ететін болады. Мен осындай шешімге келдім",-деді президент.

"Осыған дейін біз қорғаныс күштерін, аймақтық басқарма мен штаб жетекшілерінің комитетін құрумен айналысып келдік. Илемдік тәжірибе көрсеткендей, әскерилер әскерге қатысты істермен, ал саясат пен қорғаныс саласын басқаруды азаматтық өкілдер атқарады. Бұл барлық мемлекеттерде қабылданған үрдіс. Осыған байланысты Мұхтар Алтынбаев штаб жетекшілері комиитетінің төрағасы болып тағайындалды. Даниал Кенжетайұлы біздің әскерімізді жарақтандыру мәселелерімен айналыспақ",- деп түсініктеме берді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз шағын, ықшам, әрі жоғары деңгейде жарақтандырылған әскер құрып, елімізде қуатты қорғаныс саласын қалыптастыруымыз қажет. Бұл ретте Даниал Ахметовтың тәжірибесі қажет болмақ. Біз ешкімге соқтығыспай сыртқы саясатымызды бейбіт жүргізетін елміз. Алайда халқымыздың бізге сеніп тапсырған шекарасы, аймақтық тұтастығы, Отанымыздың тәуелсіздігі бар. Сондықтан біз мұны әсте естен шығармауымыз қажет. Өйткені қазіргі заманда қауіптер жетерлік",- деді президент министрліктің офицерлік құрылымының алдында.

Өз езегінде Д. Ахметов жүктелген міндеттерді атқару үшін бар күш-жігерін салатындығын айтты. "Біз еліміздің қорғаныс мүмкіндігін жоғары деңгейге көтеруіміз қажет. Және де әлемнің бәсекелес 50 мемлекетінің қатарына енген кезде біз тек қана жоғары экономикалық көрсеткіштерімізбен ғана емес, сондай-ақ жетілген қорғаныс қуаттарымызбен де назар аударта алатындай болуымыз қажет",-деді Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны