15.04.2013, 15:46 3151

Елбасы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады

Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі қорытындылары туралы, атап айтқанда елімізде "жасыл экономиканы" қалыптастыру тәсілдері, "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының негізгі ережелері және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу тұжырымдамасын дайындау барысы туралы баяндады.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Н.Қаппаров министрлік жұмысының негізгі қорытындылары туралы, атап айтқанда елімізде "жасыл экономиканы" қалыптастыру тәсілдері, "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының негізгі ережелері және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу тұжырымдамасын дайындау барысы туралы баяндады.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті министрліктің елімізде су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің маңыздылығын атап өтті.

"Бүгінде су ресурстарын пайдалану және сақтау мәселелері Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құзыретіне берілді. Су ресурстары Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады және келешекте олардың маңыздылығы тек қана арта түсетін болады. Илемде ауыз су мен суармалы су тапшылығы бар. Осы орайда, бұл процестерді тиімді басқару үшін елімізге жоғары білікті мамандар қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны